Шымкенттік полицейлер адасып қалған 10 жасар баланы тапты
Шымкенттік полицейлер адасып қалған 10 жасар баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қыркүйек күні Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны өзінің 10 жасар баласының жоғалып кеткендігі туралы арызданған. Бастапқыда жасөспірімнің ата-анасы ұлын өзі іздеуге кіріскен. Дегенмен еш нәтиже шықпаған соң, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген. Ересектердің назарынан тыс қалған бала белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.
Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларына кіріскен. Нәтижесінде Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының №433 УПП учаскелік полиция инспекторы Бекжан Мырзан іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жасөспірімді аман-есен тауып, отбасына қайтарды.