Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда түрмесінде “Қақпа алдында кездесу” шарасы өтті

Қызылорда түрмесінде “Қақпа алдында кездесу” шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазатайым немесе қасақана жағдайда қылмысқа барып, жазаға тартылған сотталғандардың жаза мерзімін толық өтеп, темір тордан босатылғаннан кейін бостандықтағы өмірге сіңісіп, қоғамға қайта бейімделіп кетуі үшін “Қақпа алдында кездесу” жобасы өткізіледі.

ЗК-169/4 мекемесінен бостандыққа шығуына 1 жыл қалған жазасын өтеушілерге “Қақпа алдында кездесу” шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы Ә. Жақсылық, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының әлеуметтік қызметкері Ғ.Оразбеков, қалалық пробация қызметінің инспекторы Қ.Пазылов қатысты.

Жоба аясында мамандар әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмегін алу, құқықтық көмек, құжаттарын қайта қалпына келтіру бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіп, кеңестер берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру