Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты - автобус жүргізушілері арасында жолда жүру тәртібін арттыру, автобустардың техникалық жағдайын тексеру болып табылады. Сондай-ақ, "Автобус" жедел- профилактикалық іс-шарасының барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол-көлік тәртібін арттыру және жол жүру ережелерін сақтау бойынша жүргізушілермен профилактикалық жұмыстар өткізуде.

Осындай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру