Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте өзін мүмкіндігі шектеулі адам ретінде көрсеткен қайыршы анықталды

Шымкентте өзін мүмкіндігі шектеулі етіп көрсеткен жалған қайыршы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің “Жедел әрекет ету” арнайы чатына 20 қаңтар күні сағат 13:30 шамасында қоғамдық орында қайыр сұрап отырған адамға қатысты хабарлама келіп түсті. Оқиға куәгерінің сөзінше, азаматша өз еркімен жүріп-тұра алатынына қарамастан мүгедектер арбасына отырып жүргіншілерді мазалап қайыр тілеген. Аталған жайт бойынша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының Жергілікті полиция бөлімінің қызметкері Б.Исламов мекен-жайға барып, мән-жайды анықтауға кіріскен.
Нәтижесінде Республика даңғылы №43 A үй алдында қайыр тілеп отырған азаматшаның жеке басы анықталды. Ол Қаратау ауданы Бозарық елді мекенінің тұрғыны. Тәртіп сақшылары азаматшаны Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының №19 учаскелік полиция пунктіне жеткізіп, қол таңба іздерін алған. Сондай-ақ алдағы уақытта осындай келеңсіз жағдайларды тудырмау мақсатында азаматшамен профилактикалық сұхбат жүргізіліп, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 449-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру