Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер азаматтық қаруды сақтау ережелерін бұзған тұрғынды анықтады

Шымкенттік полицейлер азаматтық қаруды сақтау ережелерін бұзған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Шара барысында 8 ақпанда Әл-Фараби АПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторлары аудан аумағында азаматтық қару иелеріне тексеру жұмыстарын жүргізді. Осы орайда, жергілікті тұрғынның өзіне тиесілі қаруды сақтайтын сейфтің дабыл беру жүйесі жұмыс істемей тұрғаны анықталды.

Аталған азаматқа қатысты қару сақтау ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Айта кетейік, бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру