Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер газ құбырын ұрлаған азаматты ұстады

Шымкенттік полицейлер газ құбырын ұрлаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында белгісіз тұлға моншасына жалғанған құны 900 мың теңге тұратын газ құбырын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.

Полицейлер аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарына кіріскен.

Тәртіп сақшылары оқиға орын алған жақын аймақтарды мұқият тексеріп, бейнебақылау камераларын жіті қараған. Нәтижесінде ұрлық жасады деп күдікке ілінген ер адам анықталып, басқармаға жеткізілді. Ол 37 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Күдікті азаматтың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру