Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер із-түссіз жоғалған мүмкіндігі шектеулі баланы тапты

Шымкенттік полицейлер із-түссіз жоғалған мүмкіндігі шектеулі баланы ата-анасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне 102 сымтетігі арқылы жергілікті тұрғын хабарласып, жүйке ауруымен ауыратын 9 жастағы ұлының үйден белгісіз бағытқа шығып кеткені туралы арызданған. Хабарды алған сәттен бастап, тәртіп сақшылары баланың жүрген жерін анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Куәгерлерден сұрастырып, барлық қажетті шараларды ұйымдастырды. Нәтижесінде, жоғалған жеткіншек 1 сағат ішінде жақын маңдағы көше бойында жалғыз жүрген жерінен табылды.

Осы тұста, тұрғын ұлын тауып беру үшін жедел әрекет еткен полицейлерге шынайы алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру