Шымкенттік полицейлер карантин режимін бұзған мейрамхананы анықтады
Еліміздегі коронавирусқа байланысты Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Бозарық елдімекенінде орналасқан дәмханалар мен мейрамханаларға тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру барысында Бозарық елдімекенінде орналасқан «7 жол» мейрамханасында карантиндік талаптар сақталмай, 100 адамға арналған қыз ұзату өткізіліп жатқан. Сонымен қатар келушілердің дене қызуын өлшеу жүргізілмегендігі, қызметкерлердің мейрамхана ішінде бетпердесіз жүргендігі анықталды.
Анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Қаратау ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.