Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер “Демалыс” жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады

Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілінсіз болуы мен ойын-сауық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактілерін анықтау, сонымен қатар кәмелетке толмағандарға алкогольді, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, сондай-ақ, ересек тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу мақсатында  24 – 30 наурыз аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Демалыс” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ювеналдық полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Рейдтер барысында полиция бөлімдеріне 252 кәмелетке толмаған жеткізіліп, олардың 233-інің түнгі уақытта  тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүргені анықталды. 19 жасөспірім әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталды.

11 ата-ана балаларын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін тиісінше атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Ішкі істер органдарының есебіне 33 кәмелетке толмаған мен 38 қолайсыз отбасы қойылды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру