Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полицейлері азаматтарды “Бірыңғай қабылдау күнін” өткізді

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы  Жанарбек Бақтыбаев ведомствоның фронт-офисінде азаматтарды қабылдады. Ал шалғай елді мекендердің тұрғындары қабылдауға “ZOOM” интернет-платформасы арқылы қатысу мүмкіндігіне ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жанарбек Төлеубекұлы атап өткендей, іс-шара халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, олардың проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде халықтың полицияға сенім деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.

Азаматтар Департамент бастығына бейнеконференция режимінде жүгіну мүмкіндігіне қол жеткізді. Қабылдауға келген қала тұрғындарын жекелеген қылмыстық істерді тергеу, жол қозғалысын ұйымдастыру және басқа да мәселелер қызықтырды.

Қосымша зерделеуді қажет ететін істердің материалдарын Департамент басшысы жеке бақылауына алды. Бірқатар фактілер бойынша бөліністердің бастықтарына әрбір өтініш пен шағымды егжей-тегжейлі қарау туралы тиісті тапсырмалар берілді.

Департамент бастығы 20-ға жуық азаматты қабылдады, оларға туындаған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.
Бұл күні қалалық және аудандық полиция бөлімдері мен басқармаларының басшылары да тұрғындарды өз аумақтарында қабылдады.

Айта кету керек, өңірдегі Полиция департаментінің бөліністеріндегі фронт-офистердің жұмысы қайта жанданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру