Шымкенттік полицейлер карантин талаптарын бұзған кафені анықтады
Шымкенттік полицейлер карантин талаптарын бұзған кафені анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.
9 қыркүйек түнгі сағат 02:39-да Байтұрсынов көшесінде орналасқан «ТС Донер» кафесі карантин талаптарына бағынбай, жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды.
Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.