Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер карантин талаптарын бұзған кафені анықтады

Шымкенттік полицейлер карантин талаптарын бұзған кафені анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.

9 қыркүйек түнгі сағат 02:39-да Байтұрсынов көшесінде орналасқан “ТС Донер” кафесі карантин талаптарына бағынбай, жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру