Шымкенттік полицейлер көпбалалы жалғызбасты анаға көмектесті
Шымкенттік полицейлер көпбалалы жалғызбасты анаға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері көпбалалы жалғызбасты анаға қайырымдылық көмек көрсетті. Құқық қорғаушылар отбасын азық-түлікпен және алғашқы қажеттіліктегі заттармен қамтамасыз етті.
Өз кезегінде төрт баланың анасы полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіріп, қызметте сәттілік тіледі.
– Әріптестермен бірге көпбалалы отбасына қажетті азық-түлік өнімдерін жеткіздік. Мұндай қайырымдылық іс-шараларды біз тұрақты негізде қолға алғанбыз. Әрқашан мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, көмек көрсетуге тырысамыз, – дейді полиция қызметкерлері.