Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда ҚАЖ қызметкерлері әріптестерінің үйіне барды

Нұр-Сұлтанда ҚАЖ қызметкерлері әріптестерінің үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасы – бұл сені үйде күтіп отыратын және жақсы көретін ең жылы ортаң. Отбасы жұбайлардың үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетуінен, олардың арасындағы сыйластықтан, махаббат пен сенімділіктен құралады. ​

ЕЦ-166/5 мекемесінің басшылығы осы мекемеде қызмет атқаратын жас жұбайлардың шаңырағына барды.​ Жасақ бастығы Ақжан Жұмаділ 2018 жылы ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясын аяқтап, қызметін жалғастыруға мекемеге келген. Өзінің жолдасы Айыммен академиядағы оқу жылдарында танысқан.

Олар 2018 жылдың тамыз айында отбасын құрған. 2019 жылдың қарашасында бақытты ата-ана атанған.​ Қазіргі кезде жас жұбайлар екі ұлды тәрбиелеп отыр. Оларға отбасылық құндылықтарды үйретуде.

– Қызметтен бос уақытымда көбірек отбасыммен болуға тырысамын, табиғат аясында қыдырғанды ұнатамыз. Жолдасым Айым тағам дайындағанды ұнатады, – дейді Ақжан.

​ЕЦ-166/5 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Еркен Миржанов жас жұбайларға бейбіт өмір, бақ береке тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру