Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ауыр және аса ауыр қылмыс саны азайды

Павлодар облысында ауыр және аса ауыр қылмыс саны азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Василий Скляр облыс тұрғындарын есептік кездесу барысында өңірдегі криминогендік жағдайдың жай-күйі, жұмыс нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы хабардар етті.

Облыс аумағындағы жедел жағдай тұрақты. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу 81%-ды құрады. Екі айдың қорытындысы бойынша кісі өлтіру, тонау, ұрлық және бұзақылық саны да азайды.

– Өңірде қашықтықтан сатып алу және онлайн-қызметтерді ұсынумен байланысты қылмыстарды ашумен айналысатын арнайы топ құрылды. Олар ел аумағында 600-ге жуық алаяқтық жасаған алты топты ұстады. 2020-2021 жылдары жасалған автокөліктерді интернет арқылы жалған сатудың шамамен 117 фактісі анықталды. Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында “Киберқадағалау” бағдарламасы аясында заңға қайшы контентті қамтитын 325 сілтеме бұғатталды. 49 есірткі қылмысы анықталды, заңсыз айналымнан 384 кг есірткі құралдары алынды. Мысалы, қарасора өсірген ер адамнан 246 кг марихуана тәркіленді. Ауқымды операцияның нәтижесінде, жедел уәкілдер 1,3 кг синтетикалық есірткі сатуға әрекет жасауы кезінде наркокурьерді ұстады. Интернет ресурстар арқылы, “жасырын қою” деп аталатындардың көмегімен жүзеге асырылатын есірткі құралдарын байланыссыз өткізу фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы 3 кг астам синтетикалық есірткі тәркіленді. ҮЕҰ және еріктілермен бірге 950 наркограффити жойылды. Есірткі құралдары сатылған 60 интернет-сайт бұғатталды, – деді Павлодар облысы полиция Департаментінің бастығы Василий Скляр.

Спикер сондай-ақ, ҚР ІІМ-нің мүлікті қорғау жөніндегі бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар облыста ұрлық санын 18%-ға қысқартуға мүмкіндік бергеніне назар аударды.

– 100-ден астамы пәтер тонағаны үшін, сондай-ақ 36 мал ұрлағаны үшін, барлығы 1 143 ұры ұсталды. Мал ұрлығымен айналысатын сегіз қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолы кесілді. Иелеріне 45 млн теңгеге 250 бас мал қайтарылды. Өткен жылдың қыркүйек айында 18 ұрлық жасаған 14 мал ұрысынан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Мал ұрлығының барлығы дерлік еркін жайылымдардан жасалады, – деп атап өтті Василий Скляр.

Қараусыз бос жүрген мал ЖКО-на себеп болып саналады. Қараусыз малға арнайы құрылған 146 тұраққа  қараусыз, оның ішінде автожолдар бойында жайылып жүрген 17 мыңға жуық үй малы қамалды. Мал жаю ережелерін бұзғаны үшін екі мың азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл шаралардың орындалуы облыстағы мал ұрлығы фактілерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретінін облыстың бас полицейі тілге тиек етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру