Шымкенттік полицейлер мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады
Шымкенттік полицейлер мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қыркүйек күні сағат 04:00 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күмән тудырған KIA RIO маркалы автокөлігін тоқтатты.
Жүргізушінің құжаттарын сұрағанда оның спирттік ішімдік ішіп алғандығы байқалған. Осыған байланысты медициналық сараптама жасатылып, оның қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежеде мас халде екені анықталған.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Өткен апта ішінде мас халде көлік басқарған 13 жүргізуші жауапқа тартылған.