Шымкенттік полицейлер пара берудің 14 фактісінің жолын кесті
Шымкенттік полицейлер пара берудің 14 фактісінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бекітілген «Сыбайлас жемқорлықпен ішкі істер органдары қатарындағы күрес» бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде, жылдың басынан бері Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері пара берудің 14 фактісінің жолын кесті.
Бұл фактілердің басым бөлігінде тұрғындар өздері жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен босату мақсатында тәртіп сақшыларына пара ұсынған.
Полиция қызметкерлері орын алған жайттар туралы тез арада Өзіндік қауіпсіздік басқармасынына хабарлап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алған.
Көрсетілген жайттар бойынша Шымкент ҚПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабымен (Пара беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері тіркелген, оның ішінде төрт қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданып, сот үкімі шыққан. Қалған қылмыстық істер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.