Шымкенттік полицейлер телефон ұрысын ұстады
Шымкенттік полицейлер телефон ұрысын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында үйінің ауласында орналасқан тапшан үстінен өзіне тиесілі "OPPO A-74" маркалы ұялы телефонын бегісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген шығын мөлшері 147 000 теңгені құрады.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрлық жасаған ер адам анықталып, ұсталды.