Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер телефон ұрысын ұстады

Шымкенттік полицейлер телефон ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында үйінің ауласында орналасқан тапшан үстінен өзіне тиесілі “OPPO A-74” маркалы ұялы телефонын бегісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген шығын мөлшері 147 000 теңгені құрады.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрлық жасаған ер адам анықталып, ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру