Шымкенттік полицейлер түнде жүрген 12 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік шара қолданды
Шымкенттік полицейлер түнде жүрген 12 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік шара қолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 ақпаннан бастап қала аумағында өтіп жатқан «Бала және отбасы» жедел-профилактикалық ic-шарасы барысында тәртіп сақшыларымен біршама жұмыстар атқарылды. Оның ішінде шара барысында Абай ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлерімен рейд жұмыстары жүргізілді.
Түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрген кәмелет жасына толмаған балаларды анықтап, олардың ата-аналарына қатысты тиісті әкімшілік шара қолданылды.
Осы орайда, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдердің қарауынсыз жүрген 12 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттама толтырылды.