Шымкенттік полицейлер түнгі уақытта жұмыс істеген компьютерлік клубты анықтады
Шымкенттік полицейлер түнгі уақытта жұмыс істеген компьютерлік клубты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.
2021 жылдың 26 тамызында түнгі сағат 23:00-де Республика көшесінде орналасқан “FC” компьютерлік клубы карантин талаптарына бағынбай, ашық жобасынсыз жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды.
Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.