Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері жол-көлік оқиғасы куәгерлерін іздеуде

Ақтөбе полицейлері жол-көлік оқиғасы куәгерлерін іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы ПД Анықтау басқармасымен ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істергелуде.

28 тамыз күні Ақтөбе қаласында Байшев көшесінде шамамен сағат 14:10-да “Империя” автомашинасының жүргізушісі Едіге батыр даңғылы жағынан Ә. Молдағұлова даңғылы бағытында келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетті, ол жолдың жүру бөлігін тиісті емес жерде кесіп өткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта жаяу жүргіншінің жеке басы анықталған жоқ.

Бет әлпеті азиялық, шамамен 25-30 жаста, шашы қара, бойы шамамен 168-170 см, дене пішіні арық (55-60 кг.).

Зардап шегушінің туыстары мен ЖКО куәгерлері анықталған жағдайда 936-403, 8 777-353-24-10, 8 702-226-44-03 ұялы телефон нөмірлеріне немесе Ақтөбе облысы ПД Анықтау басқармасына №403 кабинетке хабарласуды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру