Шымкенттік полицейлер үй тонаған ер адамды қолға түсірді
Шымкенттік полицейлер үй тонаған ер адамды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз біреу үйіне терезе арқылы заңсыз кіріп, 400 мың теңге ақшасын және жалпы құны 350 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Шымкент ҚПД Кинология қызмет орталығының «Грей» лақап атты итінің көмегімен ұрлық жасаған азаматты анықтап, тиісті басқармаға жеткізді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады.