Шымкенттік полицейлер велосипед ұрысын құрықтады
Шымкенттік полицейлер велосипед ұрысын құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына «102» арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында сыртқы қоршауы жоқ тұрғын жайының ауласында тұрған құны 87 мың теңгенің велосипедін белгісіз адам жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.