Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жалған нөмір таққан тағы бір көлікті әшкереледі

14 маусым күні қала аумағында кешенді рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде Шымкент ҚПД патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан Audi автокөлігін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушы туралы ақпаратты полицейлердің қызметтік планшетінде орнатылған «Қорғау» бағдарламасы берді. Қосымша арқылы патрульдік полицейлер автомобильдің Республика даңғылында яғни, автоэкипажға жақын маңда жүргені туралы сигнал алды.

Тәртіп сақшылары тізгіндеушінің құжаттарын тексеру кезінде, оның көлік басқаруға құқығы жоқ екенін анықтады. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған 480 мың теңге өтелмеген айыппұлы бар екендігі белгілі болды.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және 612-бабының 2-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша хаттама толтырылды.

Заңнамаға сәйкес, көлік құралын біле тұра жалған нөмірмен басқарған азамат 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынып, бір жылға көлік басқару құқығынан айырылады, ал көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам 69 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Осылайша «Қорғау» қосымшасы тәртіп сақшыларына Шымкент жолдарында жол ережесін қасақана бұзушыларды анықтауға көмектесіп келеді. Бұл бағдарлама бірінші кезекте жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын ерекше атап өткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру