Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жанжалдасқан жігіттерден қару тәркіледі

Шымкенттік полицейлер жанжалдасқан жігіттерден қару тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция полкінің инспекторлары әкімшілік аумақты бақылау және қылмыстың алдын алу мақсатында М.Дулати және Н.Төреқұлов көшелерінің қиылысында бір топ азамат жанжалдасып тұрғанын көреді.

Мән-жайды анықтау үшін тоқтап, жедел іс-әрекет жүргізу барысында жанжалдасқан екі азаматтың қолында қаруға ұқсас зат бары белгілі болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, айғақты зат ретінде қарулар тәркіленіп алынды. Ал жанжалдасқан азаматтар Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматтарға қатысты құқықтық баға берілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру