Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы анасына аман-есен табыстады

Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы анасына аман-есен табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қыркүйекте сағат 16:00 шамасында жергілікті тұрғын 1-сынып оқитын баласы мектептен шыққан уақытта таппай қалған. Сол аралықта өз беттерінше іздеп, нәтиже болмаған соң «102» нөміріне хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Жоғалған баланы табу үшін Шымкент қаласы Қаратау аудандық Полиция басқармасына тапсырма берілді. Тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған бала туралы сұрастырған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қаратау ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Б.Ақмурзаев баланы аман-есен тауып, ата-анасына жеткізді.

Өз кезегінде, жоғалған баланың ата-анасы шымкенттік полицейлерге алғысын айтты.

– Ұлымды аман-есен тауып берген полицейлерге алғыс айтамын. Қазір ұлым менің қасымда. Көп рақмет!, – деді анасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру