Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ер адам 60 келіден астам шаян аулаған

ШҚО-да ер адам 60 келіден астам шаян аулаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде сағат 18:08 шамасында “Алматы-Өскемен” тасжолының 25 шақырымында Ерзат Нұрдыбаев, Айдын Советханов және Әсет Қизатов құрамында ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының ПА 433 экипажымен 45 жастағы ер адамның басқаруымен “Mitsubishi” автокөлігі тоқтатылды. Оның салонында жалпы салмағы 66 келіні құрайтын табылған бес қап шаян тәркіленді. Келтірілген залал көлемі 230 мың теңгеден асты.Жүргізуші тасымалдап бара жатқан жүкке тиісті құжаттар жоқтығын айтып, оны Ұлан ауданының Шыбындыкөл көлінен жеке тұтыну үшін аулағанын түсіндірді.

Жиналған материалдар жауапкершілікке тарту үшін “Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына” жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру