Шымкенттік тәртіп сақшылары саптық байқау өткізді
Шымкенттік тәртіп сақшылары саптық байқау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 26 мамырында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері саптық байқауын өткізді.
Жасақтың негізгі міндеті – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету және заңбұзушылықтың жолын кесу. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ кез-келген жағдайға сақадай сай болуы тиіс. Тәуліктің кез-келген уақытында және ауа райының түрлі құбылысына қарамастан, шақыртулар мен штаттан тыс жағдайларға дайын болуы тиіс.
Саптық байқаудың негізгі мақсаты полиция қызметкерлерінің барлық жағдайларға дайын болуы. Оның ішінде қызметкерлердің жеке заттары, қызметтік куәліктері, жетондары, киім үлгісі, сыртқы келбеттері басты назарға алынды.
Күн тәртібінде өтетін сабақтар мен денешынықтыру даярлығы бойынша нұсқаулықтар айтылып, жасақ жауынгерлерінің оң келбетін қалыптастыру мен олардың имиджін арттыру мақсатында жалпы полицейлердің жұмысын жақсартуға нақты тапсырмалар берілді.