Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дінтанушы-теолог қызылордалық сотталғандармен кездесті

Дінтанушы-теолог қызылордалық сотталғандармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 мамырда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен “Қызылорда облыстық жастар Одақтары” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандармен кездесу өтті.

Сотталғандармен кездеуге Республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі, “Kazislam.kz” ақпараттық-танымдық порталының үйлестірушісі, дінтанушы-теолог Жарас Ахан келді.

Кездесу барысында дінтанушы-теолог мекемеде деструктивті діни ағымды ұстанатын сотталғандарды жеке қабылдады. Сұхбат барысында Жарас Ахан сотталғандарға зайырлылық принциптері және дәстүрлі ислам мен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін дәрістер жүргізіп, сотталғандар тарапынан қойылған діни мәселеге қатысты сұрақтарға жауап берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру