Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғын көршісінің алтын бұйымдарын ұрлап кетті

Шымкенттік тұрғын көршісінің алтын бұйымдарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 5 тамызда Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам үйінен құны 270 мың теңге тұратын алтын сырғасы мен 100 мың теңге тұратын жүзігін ұрлап кеткенін көрсеткен.

Тәртіп сақшылары жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған мекенжайға тез арада жетеді. Көрген білгендерден сұрастырып, көршілерімен сауалнамалар жүргізеді. Нәтижесінде полицейлер ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсіреді. Ол жәбірленушінің бірге тұратын көршісі болып шығады.

Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру