Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық ер адам өскемендік зейнеткерді 70 мың теңгеге алдап кетті

Қарағандылық ер адам өскемендік зейнеткерді 70 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде сағат 13:00-де Бесқарағай аудандық полиция бөліміне 64 жастағы зейнеткер хабарласып, 2021 жылдың 9 шілдесінде хабарландыру сайты арқылы сенімді теріс пайдаланып, алдап, қозғалтқышты сатып алғаны үшін 70 мың теңге сомасында алдын ала төлем алған белгісіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады.

Бесқарағай АПБ криминалдық полиция тобының қызметкерлері іздестіру шаралары барысында 45 жастағы қарағандылықты анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру