Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғын “мүгедек” болып қайыр сұраған

Шымкенттік тұрғын “мүгедек” болып қайыр сұраған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жетісай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, заңсыздықтарға жол бермеу, орталық көшелердегі адамдар көп келетін орындар мен базар маңында қайыршылықпен айналысып жүргендерді анықтау мақсатында қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Мәселен, осындай кезекті тексеріс кезінде полицей Еламан Абишев қайыршылықпен айналысуды әдет еткен үш тұрғынды анықтап, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда тиісу) хаттама толтырды. Аталған құқық бұзушы үш ер адамның екеуі жергілікті, біреуі Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Олар орталық базарда қайыршылық жасап жүрген. Бұдан алдын тәртіп сақшыларымен ескерту де берілген.

Сонымен қатар жұртқа алақан жайып, қайыр сұрап отырған шымкенттік ер адамның мүгедектер арбасында отырғаны жай көзбояушылық екені белгілі болды. Яғни, тексеру кезінде оның өз аяғымен жүре алатыны анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру