Шымкенттік тұрғын қызының жоғалған телефонын тауып берген полицейлерге алғыс айтты
Шымкенттің бас полицейі Қ. Дәлбековтің Facebook парақшасының мессенджеріне жергілікті тұрғыннан алғыс хат келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент тұрғыны хатта басынан өткен жайттың жай-жапсарына тоқталып, тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын жеткізген.
Нақтырағы, Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын 102 арнасы арқылы арызданған. Ол жасөспірім қызы телефонын жоғалтып алғаны туралы айтқан. Аталған мәселе бойынша тәртіп сақшыларымен жан-жақты жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, куәлерден жауап алынған. Нәтижесінде, телефон иесіне қайтарылды.
– Құрметті Қайрат Дәлбеков, бүгін өзіңіз басқарып отырған департаменттің қызметкерлеріне алғыс айтқым келіп отыр. 16 мамырда қызымның ұялы телефоны жоғалып қалды. Соны «ізін суытпай», жедел түрде табуға Шымкент КПД ЖПҚБ ЮПБ басшысы Бауыржан Джумабеков басшылығымен Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ УПИ Өмірзақ Сарсенов пен Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ Бауыржан Саудабаев көмек берді! Қызымның қуанышында шек жоқ! Департамент қызметкерлерінің жедел жұмысы үшін алғыс айтамын! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер, – деп жергілікті тұрғын Жанар Арыстанова хат арқылы өз ризашылығын білдірген.
Өз кезегінде полицейлер азаматтардың алғысы олар үшін ең жақсы марапат екенін атап өтті.