Шымкенттік тұрғын жоғалған жылқыларын тауып берген полицейлерге алғыс айтты
Шымкенттік тұрғын жоғалған жылқыларын тауып берген полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Қаратау ауданы Полиция басқармасынына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда белгісіз тұлғалар Шымкент қаласы Өтеміс елді мекенінде жайылымда арқандаулы тұрған әрқайсысы 400 мың теңге тұратын алты жылқысын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.
Қылмысты ашу мақсатында Қаратау АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларынан жедел-тергеу тобы құрылып, барымташылардың ізіне түскен.
Аталған жайт ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігімен тіркеуге алынып, қылмыстық іс қозғалған. Жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында жоғалған алты жылқы Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылындағы жайылымнан табылып, иесіне қайтарылды.
Осы тұста тұрғын жоғалған малын тауып берген учаскелік полиция инспекторына өз алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.