Шымкенттік учаскелік полиция инспекторы Құрмет грамотасымен марапатталды
Шымкенттік учаскелік полиция инспекторы Құрмет грамотасымен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Асқат Булат ҚР Құрмет Грамотасымен марапатталды.
Бұл марапатты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздінің 30 жылдығына орай ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев табыстады.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында адал еңбек етіп жатқан тәртіп сақшысы ішкі істер органдарында 10 жылға жуық қызмет атқаруда. Осы уақыт ішінде ол ҚР Ішкі істер министрлігі мен Шымкент қаласы Полиция департаментінің арнайы наградаларына ие болған.