Шымкенттік жүргізуші көлігіне арнайы дыбыстық сигнал беретін құрылғы орнатып алған
Шымкенттік жүргізуші көлігіне арнайы дыбыстық сигнал беретін құрылғы орнатып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің №4 рота қызметкерлері Алматы тасжолының бойында ВАЗ-2107 көлінің жүргізушісін күдік тудыртқандықтан тоқтатады. Аталған автокөлікті қарау барысында арнайы дыбыстық сигнал беретін құрылғы орнатып алғаны анықталды.
Жүргізушінің осы теріс әрекетіне байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабының 2-бөлігі (Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигналын беруді қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату) бойынша хаттама толтырылған.
Айғақты зат ретінде арнайы дыбыстық сигнал беретін құрылғы тәркіленіп алынды. Ал автокөлік айыптұраққа қойылды.