Шымкенттіктер, алаяқтардан сақ болыңыздар!
Күн санап оңай ақша табу жолында айласын асырып жүргендер саны артып келеді.Алаяқтар бұл жолда тынбай қызмет етуде. Бүгінгі алаяқтық жолда 8 миллионнан астам ақшаны қолды қылғаны белгі болды.
Шымкент қалалық ПД Абай АПБ криминалдық полиция бөлімі және жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Ізденіс барысында бірнеше азаматтың ақшасын алаяқтық жолмен алған шамамен 25 жастағы күдіктіні ізін суытпай ұстады. Тергеу барысында полиция қызметкерлерімен ұсталған азамат бірнеше тұрғындардың сеніміне кіріп, мемлекет тарапынан Нұрсат мөлтек ауданында орналасқан тұрғын үйлерден пәтер алып беремін деп,5 адамнан 8 миллионнан астам ақшаларын алаяқтық жолмен алғаны анықталды.
Аталған жайттар Абай АПБ-ның Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жеткізілді.
Мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үй мәселесі бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жүгіну қажет. Сондай-ақ, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаған кезде сақ болған абзал.