Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттіктердің 5 млн теңгесін алаяқтықпен жымқырған күдікті ұсталды

Түркістан облысының бұрын сотты болған тұрғыны шымкенттіктердің 5 млн теңгесін алаяқтықпен жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай АПБ-ның кезекші бөліміне Түркістан облысының тұрғыны жүгінді. Жас жігіт оған WhatsApp арқылы хабарлама келгенін айтты. Белгісіз адам өзін туған ағасы ретінде таныстырып, оның шотындағы барлық қаражатты аударуды сұраған. Кейін қолма-қол ақша түрінде қайтаруға уәде берген. Ол ағасымен кездесіп, берген қаржыны аламын деп ойлаған кезде, алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген.

Полицейлер арызды ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Шымкент қалалық ПД Сyberpool криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шараларды өткізу барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Жедел уәкілдер оны мегаполистегі жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Ол 2019 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталып, 3,5 жыл жазасын өтеген Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Сондай-ақ тергеушілер күдіктінің интернет-алаяқтықтың тағы үш дерегіне қатысы бар екенін анықтады. Оның құрбаны болғандар – Шымкент қаласының тұрғындары. Қазіргі таңда сот шешімімен әйел кепілге жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру