Ақмола полицейлері мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады
Ақмола полицейлері мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған құқық бұзушылықты «Учаске» ЖААІШ жүргізу барысында Есіл ауданы ПБ қызметкерлері әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы В.Забутский және А.Баймағамбетов анықтады.
4 қыркүйек күні Жақсы – Есіл – Бұзылық автожолының 74-шақырымында полиция қызметкерлері ГАЗ-3309 көлігін тоқтатып, оның 33 жастағы жүргізушісінің құжаттарын тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүргізушінің мінез-құлқынан күдіктенген.
Құжаттарды тексеру кезінде осы жылдың 6 ақпанынан бастап жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Полиция қызметкерлері ер адамды бірден көлік құралын басқарудан шеттетіп, оған медициналық тексеруден өтуді ұсынды. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес жүргізуші каннабиноидтарды қабылдағаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі тұлғаның көлік құралын басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатындағы «Учаске» республикалық ЖАІШ өткізіліп жатыр.