Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері кәріз ұрлаумен айналысқан күдіктілерді құрықтады

Павлодар облысының полицейлері кәріз ұрлаумен айналысқан күдіктілерді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәріз люктерін ұрлады деген күдіктілерді анықтады.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, 31 тамыз күні 24, 27 және 34 жастағы үш ер адам 5 дана кәріз люктерінің қақпақтарын және бір сақинаны ұрлаған.

Екібастұздықтардың үшеуіне Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі (Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Ұрланған заттар табылып, тәркіленді, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам, оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру