Шымкенттікті 600 мың теңгесіз қалдырған алаяқ қолға түсті
2021 жылдың 21 шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарламасы арқылы пәтер алып беремін деп 600 мың теңге қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.