Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада теміржол рельсінің шпалын қолды еткендер ұсталды

Қызылордада теміржол рельсінің шпалын қолды еткендер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, 13 шілде күні 16:00 -17:00 аралығында белгісіз адамдар жұмыс жасамай тұрған өндірістік мақсаттағы ғимарат аумағына кіретін темір жол рельсінің тоғыз дана шпалын, 18 дана төсеніш бұрандаларын ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын 150 мың теңге.

Жедел-іздестіру шаралары барысында теміржол бөлшектерін ұрлаған қала тұрғындары анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру