Шымкенттіктің үйінен құрал-саймандарды қолды еткен күдікті ұсталды
Шымкенттіктің үйінен құрал-саймандарды қолды еткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреулер түнгі уақытта үйіне ұрлыққа түскен. Ұрылар үйінің есігін бұзып кіріп, ағаш кесетін құрылғысын, сондай-ақ бір темір құтысын (конистра) және желдеткіш қондырғысын жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 235 мың теңгені құраған.
Аталған хабарды алысымен тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы оқиға орнына шығып, тергеу амалдарын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алынды. Сол аумақтағы бейнебақылау камералары жіті қаралды. Нәтижесінде, ұрлық жасаған 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, басқармаға жеткізілді.
Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған күдікті өзінің бас пайдасы үшін қолды еткен заттарын жақын маңдағы темір қабылдау орнына 40 мың теңгеге өткізіп жіберген. Сонымен қатар, ұсталған азаматтың бұдан басқа да ұрлық жайттарына қатысының бар-жоғы анықталуда.
Қазіргі кезде оған қатысты ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.