Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші қамауға алынды

Павлодарда көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылар өздерінің жауапсыз және тіпті ақымақ әрекеттерін ақтау үшін әртүрлі әрекеттерге барады.

Бірнеше күн бұрын полиция қызметкерлері осындай істің куәгері болды. Кешке қарай тәртіп сақшылары Павлодар қаласының Нұрмағамбетов көшесінде ВАЗ-21110 автокөлігінің жолдың жүріс бөлігімен жүріп келе жатқанын байқады.

Полицейлер дереу оның артынан жүріп, тоқтауын сұраған. Ол жақын маңдағы аулалардың біріне кіріп, қараңғыда жүргізуші жолаушылар орнына отырып, кілтін тез жерге лақтырып жібергені анық байқалған. Ал полицей оған жақындағанда, ол көлік жүргізбейтінін, рөлде отырған досы қашып кеткенін айтып ақталды. Полицейлер жігітке сенбеді, өйткені олар бәрін өз көзімен көрген, сонымен қатар болып жатқан оқиғалардың бейнежазбасы бар.

– Ер адамның мас күйде екені байқалды. Жүргізуші оны анықтау үшін медициналық тексеруден бас тартқан. Сонымен қатар, оның көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ еді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осылайша, полицейлердің медициналық куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамағаны үшін, сонымен қатар жүргізуші куәлігі болмағандықтан, сот бұл азаматты ҚР ӘҚБтК 613-бабының 9-бөлімі бойынша (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) жауапкершілікке тартып, 25 тәулік түрінде әкімшілік қамауға алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру