Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында 10 сотталған қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазасын өтеген

Өткен жылы Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебіне 10 сотталған қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазасын өтеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылы Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінен тоғыз сотталған қоғамдық жұмыстарға тартылып, жазасын толық өтеп болған соң есептен шығарылды.

Одан бөлек, бір сотталғанның қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасы өтелмеген, сол үшін ол 50 тәулік мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасына ауыстырылды. Оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеу белгіленіп, мерзімі аяқталған соң есептен шығарылған.

Айта кетейік, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза – сотталған адамның жергілікті атқарушы органдарда қоғамға пайдалы, ақысыз жұмыстарды орындауынан тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру