Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте әйелді пышақтап өлтірген екі жігіт ұсталды

Шымкентте әйелді пышақтап өлтірген екі Түркістан облысының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтарда Абай ауданының Полиция басқармасына “1 мамыр” көшесі бойында орналасқан үйлердің бірінің пәтерінен қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің 28 жастағы әйелге тиесілі екенін анықтады. Мәйітті қарау кезінде пышақ жарақаттары анықталды.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 18 және 19 жастағы Түркістан облысының тұрғындары анықталып, ұсталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жайт бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру