Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкеттік тұрғын өзі жұмыс істейтін дүкеннен киім-кешек ұрлап кетті

Шымкеттік тұрғын өзі жұмыс істейтін дүкеннен киім-кешек ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда өзіне тиесілі киім-кешек сататын дүкенінде ұрлық жайты болғанын хабарлаған. Арызданушының айтуынша, дүкенінде жұмыс жасайтын азамат сатылымда тұрған заттарын заңсыз ұрлап, млн теңге көлемінде шығын келтірген.

Хабарды алған Абай АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Дүкеннен киім-кешек ұрлаған азаматты ұстауға, қылмысты ашуға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден жауап алынып, бейнебақылау жүйелері жіті қаралды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, полицейлер ұрлық жасаған азаматты тұрғылықты мекенжайынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, ұсталған азамат ұрлаған киімдерді өзінің бас пайдасы үшін сатып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру