Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Компьютерлік клубтың клиенті ұялы телефон ұрлаған

Нұр-Сұлтанда виртуалды ойынның ойыншысы ұялы телефон ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іле көшесінде орналасқан компьютерлік клубтың 25 жастағы клиенті ойын ойнап отырған кезінде көрші отырған ойыншының бірі “VIVO” маркалы ұялы телефонын еденге түсіріп алғанын байқайды. Ұялы телефонның иесі құлағына құлаққап киіп ойын ойнап отырған сәтін пайдаланған қаскүнем аталған телефонды ұрлап алып, оқиға орнынан бой тасалайды.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Оған қатысты “Ұрлық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру