«Шырша» ЖПІШ: СҚО-да полицейлер 47 заң бұзушылықты анықтады
СҚО-да полицейлер «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде 47 заң бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жас қалқан жапырақты ағаштардың заңсыз кесілуіне жол бермеу – осы мақсатпен полиция қызметкерлері «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеп жатыр. Ол 20-31 желтоқсан аралығында өткізілуде.
Тәртіп сақшылары орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп жаңа жылдық шыршаларды сату орындарын тексеруде. Бүгінгі таңда 60-қа жуық сауда нүктесі тексерілді. 47 құқық бұзушылық анықталды — бұл белгіленбеген жерлерде сауда жасау фактілері.
СҚО аумағында сатылатын барлық шыршалар Ресей Федерациясынан әкелінеді, бірақ оларды сату үшін сатушылар жергілікті атқарушы органның рұқсатын алуы қажет немесе сауда жасалатын аумақтың иесімен келісім жасасуы керек.
Заңсыз кесу фактілері тіркелген жоқ. Полицейлердің айтуларынша, егер келтірілген шығын 50 айлық есептік көрсеткіштен аз болса, бұл құқық бұзушылық үшін айыппұл салу көзделген. Егер шығын сомасы жоғары болса, заң бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.